Жамбыл облысының Жуалы ауданында құмар ойындарға жүйелі түрде қатысқан төрт мемлекеттік қызметші теріс себептермен лауазымдарынан босатылды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Фото: istockphoto.com
Аудандық прокуратура жүргізген талдау барысында жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғалары букмекерлік кеңсенің мобильді қосымшасы арқылы тұрақты түрде бәс тігіп келгені анықталды.
Мәселен, бөлімдердің бірінің бас маманы ойын шотына 23 млн теңгеден астам қаражат аударған. Прокурорлық қадағалау актісін қарау қорытындысы бойынша тәртіптік комиссия шешімімен заң талаптарын бұзған қызметкерлер жұмыстан шығарылды.
Еске сала кетейік, 2024 жылғы 9 қыркүйектен бастап елімізде мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға және бәс тігуге заң жүзінде тыйым салынған.