26.07.2017, 16:14
Оқылды: 44

Ауыл шаруашылығы министрі БҚО-да болды

20427734_718382608359826_487369953_nБүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов  жұмыс сапарымен облысымызға келіп, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмалардың жүзеге асу барысымен танысты. 


Облыс әкімдігінде жиналыс өтіп, мал шаруашылығына, оның ішінде мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және мал дәрігерлік қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінді. Жиналысқа Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары әкімшіліктерінің, агробизнестің, салалық одақтардың және «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты.

1 шілдедегі көрсеткіш бойынша Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында ірі қараның, ұсақ малдың, жылқының, құстардың көбеюі байқалды. Батыс Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы Арман Өтеғұловтың айтуынша, мал шаруашылығында мүйізді ірі қара 7,2 пайызға, қой мен ешкі 2,4 пайызға, жылқы 10,9 пайызға және құс саны 12,6 пайызға өскен. БҚО бойынша ет өндіру 3,1 %-ға, сиыр сүті 0,5 %-ға, тауық жұмыртқасын өндіру 5,5 %-ға артқан. Биыл өңірдің ауылшаруашылығы саласын дамыту үшін 10 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген.

20403534_718381658359921_466661985_nАӨК-ті дамытудың басым бағыттарының бірі – шағын және орта шаруашылықтарды ауылшаруашылық кооперацияларына біріктіру.

Ауылшаруашылық кооперативтерін құру бойынша жұмысты іске асыру мақсатында Министрлікте оларды «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы сүт қабылдау және мал бордақылау пунктерін алғашқы жарнасыз лизингке беру арқылы алу сызбасы жасалды. Алғашқы жарна ретінде жалпы құнынан 50% көлемінде бөлінген салым субсидиясын пайдалану қарастырылды.  Батыс Қазақстан облысында 18 ауылшаруашылық кооперативін құру жоспарланса, нәтижесінде 40 кооператив тіркелген.

20427756_718381771693243_837421388_nЖиналыс барысында аграрлық қайта өңдеуді дамыту мәселелері қарастырылды. Ветеринарлық қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударылды. Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында 2017 жылдың бірінші жартысында өте қауіпті мал ауруының 4 ошағы (пастереллез және эмкара бойынша 2-ден) тіркелген. Сібір жарасымен ауырған 227 мал анықталып, көмілген. Барлығы қоршалып, белгі қойылып және мәліметтер МЖК ААЖ-ге енгізілді.

А.Мырзахметов жұмыс сапары кезінде Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде, «ПОШ Руно» ЖШС тері өңдеу кәсіпорнында болды.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале