Бүгін Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында облыстық іскер әйелдердің облыстық форумы өтті. Шараға өңірлік бизнестің белсенді нәзік жанды өкілдері қатысты.
Жиын қыз-келіншектер басшылық ететін кәсіпорын ұсынған өнімдер қойылған көрмемен ашылды. Айта кетсек, «Балзия», «Омаров торттары» кондитерлік цехтарының тәтті өнімдері, «Тұмар» қолөнер шеберханасының бұйымдары, «Мария ханым» сән үйінің киімдері қойылды.
Форумның ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Миржан Сатқанов, қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалының директоры Сәкен Карин мен БҚО іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жұлдыз Құспанова сөз сөйлеп, ел экономикасының дамуына үлес қосып жүрген қыз-келіншектердің жұмысына сәттілік тіледі.
Содан соң бірқатар іскер арулар облыс әкімінің атынан алғыс хатпен марапатталды. Олардың қатарында «Балзия» кондитерлік цехы мен дүкендер желісінің қожайыны Балзия Евенеева, «Мария ханым» сән үйінің құрылтайшысы Мария Құспанова, Батыс Қазақстан инновациялық технологиялар университетінің құрылтайшысы Ләззат Рысбекова, «Жайық Дент» стоматологиялық орталығының құрылтайшысы Меруерт Мусиналар бар.
Форумда ел дамуындағы әйелдердің рөлі, олардың кәсіпкерлігін қолдау бағытында және олардың экономикалық белсенділігін арттыру тақырыбында баяндамалар оқылды.
Гүлсезім БИЯШЕВА
zhaikpress.kz