Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Олардың айтуынша, қайғылы оқиға бүгін түс әлетінде Орал қаласындағы №14 орта мектепте орын алған. Жедел жәрдем қызметіне аталған мектептен телефон қоңырауы түскі 12 сағат 47 минутта түскен.
Осы білім ошағында мұғалім болып істеген 1963 жылы туған әйел «жедел жәрдем» келгенше мектептің акт залында жан тәсілім еткен.
Бізге белгілі болғаны, марқұм «артериялық қан қысымы» диагнозымен есепте тұрған екен.
Айгүл Ахметова
zhaikpress.kz