14.06.2018, 21:15
Оқылды: 80

Ақсай көшелеріне 100-ден астам бейнекамера қойылмақ

Kulginov Aksay (3)Ақсай шаһарындағы кезекті құрылыс Ақсай техникалық колледжі жатақханасында жүргізілуде. Апатты жағдайда тұрған бұрынғы ескі жатақхана орнына бес қабатты 124 пәтерлік жаңа тұрғын үй бой көтеруде.


 

«КАЕС Строй КО» ЖШС құрылыс жұмыстарын өткен жылдың тамыз айында бастаған екен. Жоба құны – 635 423,0 мың теңге. Бүгінгі таңда ішкі әрлеу жұмыстары қалған жатақхана шілде айында пайдалануға беріліп, бұрынғы апатты үйдің 70 отбасына қоса бюджеттік сала мамандары да баспаналы болмақ.

Облыс әкімі Алтай Көлгіновке таныстырылған тағы бір құрылыс нысаны аудандық ішкі істер бөлімінің «Шұғыл басқару орталығы» болды. «КПО б.в.» компаниясының әлеуметтік тапсырысы аясында «КАЕС Строй КО» ЖШС құрылысын қолға алған жобаның жалпы құны 132 371,0 мың теңге.

Үш қабатты ғимараттың төменгі қабатында құқық қорғау қызметкерлеріне арналған жұмыс бөлмелері, жаттығу залдары мен тир алаңдары орын тепсе, екінші қабаты толығымен шұғыл басқару орталығына арналып, жабдықталған. Ғимараттың жоғары қабатында құқық қорғау қызметкерлеріне арналған қызметтік пәтерлер орналасқан.

Жақын арада Ақсай қаласының көшелеріне «Қауіпсіз қала» бағдарламасы аясында 100-ден астам бейнекамера қойылып, шаһардың қауіпсіздігі осы аталған шұғыл басқару орталығы арқылы басқарылып отырады.

Динара Жұмабекқызы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале