18.07.2018, 14:17
Оқылды: 23

  Жәнібекте шөп шығымы нашар  

senekosБиыл екі ай бойы жаңбырдың болмауына байланысты Жәнібек ауданы бойынша шөптің шығымы төмен. Шабылған шөптің өнімділігі бар-жоғы 2,8 центнер құрайды. Мұның өзі былтырғымен салыстырғанда, шөп шығымдылығының екі есе аздығын көрсетеді.


Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінен 17 шілдеде алынған мәліметке сүйенсек, үстіміздегі жылы ауданда 106900 тонна мал азығы дайындалады деп жоспарланса, соның тек 30710 тоннасы ғана дайындалып, жоспар 28,7 пайыз болып орындалған.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Асылбек Қамашевтың айтуына қарағанда, өткен жылы біршама гектар жердің өртенуінің салдарынан шабындық шектеулі болып қалған. Жергілікті ауылдық округтер әкімдіктері бос жерлерді шабындыққа бөліп беруде.

- Жәнібек, Жақсыбай, Талов, Қамысты, Борсы ауылдарындағы шекара аумағымен шектесетін шабындық жерлер  де шекара басшылығымен келісіле отырып, мал азығын дайындауға бөлінуде,-дейді аталған бөлімнің бас маманы өз сөзінде.

                                                                                         Н.Есенғали

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале