Кеше түс әлетінде, сағат 14.20-да, Ақжайық аудандық ішкі істер бөліміне 1983 жылғы туған осы ауылдың тұрғыны Жайыққа суға кеткені туралы хабар түскен. №6 жедел құтқару жасағы бөлімінің қызметкерлері өзеннің тік жарынан ол суға түскен тұстан 30-35 метр жерден оның мүрдесін шығарды.
- Бұл Алтай Аралбаев деген жігіт Жайық жағасына өзінің бір танысымен барған. Осындай қайғылы көптеген оқиғаға ұқсас, марқұм қауіпті жерден суға шомылғысы келген,- дейді аталған бөлімнің басшысы Марат Қабақаев.
Бұл аудан аумағында суға кетудің биылғы бірінші оқиғасы.
Болат ҚОСЖАНҰЛЫ
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz