25.07.2018, 12:26
Оқылды: 55

Оралда байдарканың «баһадүрлері» бақ сынауда  

 

baidarkaБүгін облысымызда байдаркамен каное есуден жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы «Қайық» федерациясының кубогі үшін жарыс басталды.

Сайысқа біздің өңірдің спортшыларымен қатар Қызылорда, Атырау, Алматы, Қарағанды облыстарының жасөспірімдері қатысуда.

Жайық өзені бойындағы «Динамо» спорт кешенінде өткен жарыстың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы комитет төрағасының орынбасары Асқар Есімов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева қатысты.

-«Қайық» федерациясы ұйымдастырған алғашқы республикалық сайыстың біздің өңірде өткізілуі тегін емес. Қайық есу сайысы сонау 50-ші жылдары біздің облысымыздан бастау алған. Өңір спортшыларының жеткен жетістіктері де аз емес. Халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысып, елдің намысын қорғап жүрген Александр Акунишников сынды ардагер жаттықтырушымызды, Алексей Дергунов, Андрей Ергучев есімді спортшыларымызды мақтан тұтамыз. Жасөспірімдер  арасындағы осындай додаларда біздің жас спортшыларымыз шыңдалып, өңірдің, елдің намысын қорғайтын жаңа есімдер шығатынына кәміл сенеміз. Жарысқа қатысушы барлық командаға сәттілік тілеймін,-деді Ғабидолла Абдоллаұлы.

Бес өңірдің жасөспірімдері бақ сынаған жарыс 28-ші шілде күні қорытындыланады.

Нұрбек ОРАЗАЕВ

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале