Тәуелсіздік мерекесі мен Мәуліт айына орай «Шапағат шамшырағы» қоғамдық бірлестігі аудан орталығында мешіт жамағаты арасында футболдан сайыс өткізді.
Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары К.Тұрлыбеков, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Төлепқалиев, аудандық мешіттің имамы А.Бисенғалиев қатысты.
Барлық қатысушылар бұқаралық спорт тек салауатты өмір салты ғана емес, адамдардың қызығушылығын оятатын фактор екендігін тілге тиек етті.
Сайысқа он екі команда, соның ішінде үшеуі Зеленов ауданынан, бір команда Орал қаласынан, ал қалғаны облысымыздың өзге аудандарынан қатысты.
Алғашқы кезеңде командалар жеребе тартып, олимпиадалық жүйе бойынша ойнады. Жеңіп шыққандар келесі анықталған командамен ойындарын жалғастырды.
Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынға «Сырым жамағаты» лайық деп танылса, екінші орынды «Ақсай мешіті» жеңіп алды. Ал үшінші орын зеленовтық «Баракат» командасына бұйырды.
Николай БЕРЕНДЯЕВ,
Нұрлыбек МҰХАМБЕТИЯРОВ
Зеленов ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер