ҚР Тәуелсіздігі күніне орай Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылында жаңа хоккей алаңы пайдалануға берілді.
Хоккей алаңын әзірлеуге 500 мың теңге қаражат жұмсалыпты. Бұл қаржыны ауыл тұрғындары өздері жинаған әрі мұз айдынның құрылысын да өз күштерімен жүргізген. Ауыл тұрғындары маусымдық нысан жастар мен балалардың жиі уақыт өткізетін орынына айналып үлгерді деп қуанып отыр.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына іс жүзінде қолдау білдіруге келгенде талдыбұлақтықтар тек мұз айдынын жасаумен шектеліп жатқан жоқ. Округте осы жазда «Туған жер» бағдарламасы аясында балалар саябағы ашылған болатын.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер