24.12.2018, 19:40
Оқылды: 53

Теректі ауданының әкімі өрімталдықтарды қабылдады

Бүгін Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламанов «Жайық Пресс» медиахолдингі ұжымы ұйымдастырған жас тілшілердің облыстық «Өрімтал» фестивалінде аудан намысын қорғаған шәкірттер мен олардың жетекшілерін қабылдады.

IMG_0006

Аудан басшысы Әділ Тауфиқұлы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шарада үздіктер қатарынан табылған Ернұр Бейбітов, Айлен Ізімғалиева (Госплемстанция мектебінің 9-сынып оқушылары), Балнұр Себеп ( №1 Подстепный мектебінің 11-сынып оқушысы), ұстаздары Гүлжайна Ғилманова мен Гүлсайра Мұқановаға  ризашылығын білдіріп, алғысхатпен марапаттады. -Облысымызда тұңғыш рет өткізілген «Өрімтал» фестиваліне қатысып, бақтарыңызды сынап, жүлдеге ие болғандарыңызды естіп, біз де қуандық. Аралас мектепте оқысаңыздар да, ана тіліміздің қадірін білу - үлкен ерлік. «Ғажайып өлке» тақырыбына керемет шығарма жазғансыздар. Біз сіздермен мақтанамыз. Талаптарыңыз талмасын. Биіктерден көріне беріңіздер. Бұл фестивальдің жарқын болашақтарыңызға жолдама екенін ұмытпаңыздар, - деді аудан әкімі. Қабылдауда «Теректі жаңалығы - Теректинская новь» газетінің директор-редакторы Нұрзия Сисенбаева мен аудандық білім беру бөлімінің басшысы Жанаргүл Хусаинова сөз сөйлеп, жас жеткіншектерге шығармашылық табыс тіледі. «Өрімталдың» тұңғыш жүлдегерлері үш күнге созылған фестивальден алған әсерлерімен бөлісті.

IMG_0012

Аягөз Айтқалиева,

Теректі ауданы

Zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале