Бүгін ақсайлықтарды қуантқан тағы бір жаңалық – Жастар ресурстық орталығының жанынан коворкингтің ашылуы.
Орталықтың ашылуына облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов пен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аян Сакошев арнайы қатысты.
-Бұл – Жастар жылының алғашқы жемісі. Жастар уақытын босқа өткізбей, осындай орталықтарда жаңа бастамалар мен тың ойлардың алаңын жасай алса керемет. Барша аудан жастарын аталмыш орталықтың ашылуымен құттықтай отырып, жақсылықтың жаршысы болуға шақырамын, - деді облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Абдоллаұлы.
Сәнім Меңдібай,
Бөрлі ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер