«Жайық Пресс» медиахолдингі ұйымдастырған «Өрімтал» жас тілшілердің облыстық фестиваліне Шыңғырлау ауданынан үш оқушы жолдама алған болатын.
Фестивальде арнайы жүлдеге ие болған оқушылармен аудан әкімі Альберт Есалиев кездесті.
Аудан басшысы болашақта журналист болуды мақсат тұтқан жасөспірімдердің арман-тілектерін тыңдап, ақыл кеңесін де айтты.
- Білім мен еңбектің арқасында ойға алған мақсатқа қашан да қол жеткізуге болады. Сіздердің сапалы білім алуларыңыз үшін ауданда барлық жағдай жасалған, әлі де атқарылар жұмыс жетерлік. Оқушыларымыздың бәрі де сіздер сияқты талаптанып, өз күш-жігерлерін білім алуға жұмсаса, бұл біздер үшін үлкен қуаныш, деді аудан әкімі.
Әкіммен кездесу барысында «Жайық Пресс» медиахолдингінің бас директоры Рауан Сәбитұлына, ұйымдастырушыларға алғыс білдірген Ажар Шәріпқали мен Зерігүл Ажмұратова алдағы уақытта да ауданның мерейін асыруға үлес қосатындарын айтты.
Айта кетейік, Зерігүл Ажмұратова «Астана радиосының», Толқын Абылай «Ана тілі» газетінің, ал Ажар Шәріпқали «Парасат» журналының жүлдесін осы фестивальде ұтып алған болатын.
Айсұлу Мұса,
Шыңғырлау ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер