Бәйтерек ауданының Жайық ауылында «Салауатты өмір салты – ұлт кепілі» атты қысқы спорт ойындары өтті.
Жастар жылындағы алғашқы шара қайырымдылыққа бағытталды. Шараға облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілері мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған 50-ден астам бала қатысты.
-Демалыс орталығында ұйымдастырылған шара жоғары дәрежеде өтті. Балалардың барлығы күні бойы жақсы демалып, мәз-мейрам боп тарқасты. Олар атпен серуендеп, шаңғы, коньки теуіп, таудан сырғанап, қысқы спорт түрлерімен емін-еркін шұғылданды. Орталық басшылығы өрендерге қысқы спорт түрінің 5 түрі бойынша талапқа сай қызмет көрсетті. Ал ұйымдастырушы мен демеушілер қызмет түрлерін тегін ұсынды, - дейді «Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалының төрағасының орынбасары Ерлік Шамғали.
Айта кету керек, қайырымдылық шарасы «Технопарк Социум» ЖШС қолдауымен және де «Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалының ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Ертай Бимұханов,
Бәйтерек ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер