Бәйтерек ауданы әкімдігі мен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі шаңғымен көпшілік жүгіру ұйымдастырды.
Аудан орталғындағы барлық мекемелер мен бөлім қызметкерлері, мектеп оқушылары мен әуесқой шаңғышылар қатысқан көпшілік шарада аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тұлыбеков:
- Ауданда қысқы спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Бәйтеректік спортшылар өздері қатысқан жарыстардан жүлдесіз қайтқан емес. Бүгінгі шараға қатысушыларға ризашылығымды білдіремін. Салауатты өмір салтын ұстанушы жастарымыз көп болсын,- деп спортшыларға сәттілік тіледі.
Арнайы дайындалған шаңғы жолына 150-ден астам спортшы шықты. Жасы да, жасамысы да шаңғыға тұрған шара барысында ерлер екі, әйелдер бір шақырымдық жолды жүріп өтті.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер