16.01.2019, 12:35
Оқылды: 36

Ақжайықта мектеп асханаларына мониторинг жүргізілуде

«Нұр Отан» партиясының аймақтардағы «Мектеп асханалары» тұжырымдамалық жобасын жүзеге асырудың жол картасы бойынша партияның Ақжайық аудандық филиалы мониторинг жүргізуде.  Партия төрағасының бірінші орынбасары Айжан Нысанбаева бастаған ведомствоаралық сарапшылар тобы білім ордаларын аралауда.

DSC_0011

  Айталық, олар аудан орталығындағы М.Әуезов атындағы, Чапаев №1 мектептерінде, Абай атындағы мектеп-гимназияда оқушылардың ауқаты жөнінде мұғалімдермен, ата-аналармен пікір алмасты. Мониторинг барысында сарапшылар бекітілген мәзірдің (күнделікті және екі апталық мәзір), тағамның түрлілігі, тамақ өнімдерін жеткізу ережелерін растайтын құжаттардың болуы мен түгелділігіне; ата-аналардың шағымдары мен ұсыныстары кітабына, ауыз су режімінің сақталуына назар аударды.

         Бүгінде аудан бойынша бір оқушының күніне тамақтану бағасы – 190 теңге. Бұл ҚР Ұлттық экономика министрлігі белгілеген бағадан (290 теңге) төмен.

         - Осы мақсатта мүмкіндікті екшей отырып, тиісті зерттеулер жүргізіп, асханаларға тамақ өнімдерін жеткізетіндермен кеңесіп, аудан бюджетіне қатысты ұсыныс жеткіземіз,- дейді А.Нысанбаева.

Болат Қосжанұлы,

суретті түсірген Нұрәлі Әлім

Ақжайық ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале