16.01.2019, 18:13
Оқылды: 32

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша кезекте тұрғандарға 200 жер телімі беріледі

Бүгін Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округінің әкімі Бекзат Бадақовтың халық алдындағы есептік кездесуі өтті. Аталмыш кездесуге аудан әкімінің орынбасары Мұрат Залмұханов пен ауыл тұрғындары қатысты.

 IMG_9685

- Өткен жылғы есептік кездесу барысында ауыл тұрғындарынан жалпы 16 сын-ескертпе мен ұсыныстар келіп түскен болатын. Соның ішінде бүгінгі таңда 14 ұсыныс шешімін тапты. Қалған 2-уі ұсыныс алдағы уақытытң енішсінде.

Переметный ауылдық округінің құрамына 6 елді мекен кіреді. 2019 жылдың 1 қаңтарына халық саны 6917 адамды құрады.

Егін егу науқанына 18 шаруа қожалығы қатысып, 10 673 га. жерге егін егілді. Атап айтар болсақ, жазғы бидай – 7878 га., арпа – 2600 га., құмай (сорго) – 195 га.

Округ бойынша 75 шағын субъекті тіркелді. Қазіргі таңда осы субъектілерде 221 адам қызмет атқаруда, - деді Бекзат Ғаппарұлы.

Округ әкімінің айтуынша, «Дипломен ауылға» мемлекетттік бағдарламасы аясында 39 жас 3 млн. 607 мың 500 теңге көлемінде несие алса, 13 маман 2 млн. 188 мың теңгеге көтермеақы алған.

- 2019 жылы Калинин ауылы Бостандық көшесі бойына 2 қабатты 12 пәтерлік 2 тұрғын үйі салыну жоспарлануда. Оған қоса, жыл ішінде 1 қабатты 23 тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта Переметный, Калинин ауылдарының 15 шақырым ауылішілік жолдарын орташа күрделі жөндеу жоспарда бар. Сондай-ақ, аталған екі ауылда ауыл көшелеріне басқармалы және стационарлық бейнебақылау жүйесін орнатпақпыз. Бұдан бөлек, Калинин ауылынан «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша кезекте тұрған адамдарға 200 жер телімі берілмек. Поливное ауылын газбен және сумен қамту үшін жобалық сметалық құжаттар әзірленді, - деді сөзін қорытындылаған округ әкімі Бекзат Бадақов.

IMG_9693

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы,

Бәйтерек ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале