Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округіне Тілек Кәкеновтің әкім болғанына тура бес ай толған екен.
Әлеуметтік қамсыздандырудың әділ жүйесін қалыптастыру, бейресми еңбек қатынастарын заңдастыру, көріктендіру, қысқасы, шаруа дегенің бастан асады. Жаңа ауылнайдың осыларға қатысты жоспары да, бағыты да ауқымды. Қабыршақтылықтардың айтуынша, бәйек таппай, ойға-қырға тынымсыз шауып жүр.
Ауылбасының атына балаларға мұз айдынын жасақтағаны үшін де ризашылық айтылды. Ауылға Көшім өзенінен су құбыры тартылып, баспаналарға кіргізілгенімен, бір мәселенің төбесі қылтиып тұр. Өзенде ара-тұра су деңгейі түсіп кетеді. Ал ауылдан 7-8 шақырымнан жерасты су көзінің табылғаны бір ғанибет. Үміт осында.
Бекем Бекұлы,
Ақжайық ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер