22.01.2019, 18:05
Оқылды: 110

«Қызыл Жарты Ай» жаңа жоба бастамақ

Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай халықаралық қозғалысының «Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамы» қоғамдық бірлестігі БҚО-да жұмысын бастады.

 50771880_283080055698769_3958098068783497216_n

Бұл жайында БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте аталған бірлестіктің төрайымы Светлана Тенишева хабарлады. Қоғамдық бірлестіктің басты мақсаты - төтенше жағдайларды жою, халыққа алғашқы көмек көрсету тәсілдеріне үйрету, ерікті түрде өтемсіз берілетін қан донорлығын насихаттау, халықтың осал топтарына медициналық және әлеуметтік қолдау көрсету, адамдарды іздестіру және отбасылық байланысты қалпына келтіру, босқындарға және мигранттарға көмек көрсету, халықаралық гуманитарлық құқық туралы білім тарату бағытында кең ауқымды бағдарламаларды жүзеге асыру.

Ұйым 1949 жылғы Женева конвенцияларына және оларға арналған Қосымша хаттамаларға сәйкес мемлекетке гуманитарлық салада жәрдем береді. ҚР Президентінің 1992 жылғы 17 сәуірдегі №720 Жарлығымен қоғамдық бірлестікті өкілеттіктері айқындалған.

«Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамы» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалы мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимыл жарғылық міндетін шешу, облыстық төтенше жағдайлар департаментімен және жастар ұйымдарымен тікелей ынтымақтастық орнату бағытында жұмыс жүргізуде. «Қызыл Жарты Ай қоғамы» облыста «Қауіпсіздікке екі қадам» жобасын жүзеге асырмақ.

– Жобаның мақсаты – тұрғындарға алғашқы көмек көрсету дағдыларына үйрету, дағдарыс ахуалында өмір сүру сапасын жоғарылатуға көтеруге көмектесу. Облыстағы мектеп оқушылары мен арнаулы орта және жоғары оқу орындарының студенттеріне мен халықтың осал топтарына арналған екі сағаттық ақпараттық сессия түрінде алғашқы көмек көрсетуді үйрететін курстарды тегін ұйымдастырамыз. Жобаны жүзеге асыру үшін номиналы 500 теңге купондарды өз еркімен сатып алуды ұсынамыз және алғашқы көмек көрсетуді үйрететін ерікті жаттықтырушылар мен нұсқаушыларды жұмысқа қабылдаймыз, – деді Светлана Владимировна.

Брифингке қатысқан облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицері Райымбек Тұманғалеевтің айтуынша, 2018 жылдың 4 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Қазақстанның «Қызыл Жарты Ай қоғамы» ҚБ өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Алдағы уақытта облыс әкімдігі, облыстық ТЖД және «Қазақстан Республикасының Қызыл Ай қоғамы» ҚБ БҚО филиалы арасында меморнадум бекітуге келіссөздер жүргізілуде.

Нұртай Текебаев,

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале