25.01.2019, 16:58
Оқылды: 46

Жаңақалада еңбек ардагерін еске алды

Жаңақалада ауданның «Мәстексай» қой кеңшарында директор, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде басшы, аудандық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, аудандық партия комитеті бюросының мүшесі болған, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген қызметкер, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Ғаббас Өтеғұловтың 90 жылдығына орай «Есімі мен еңбегі ел жадында» атты еске алу кеші өткізілді.

 janaqala (1)

Кешке ауыл ақсақалдары мен Ғ.Хабиболлаұлымен бір жылдары қызмет еткен үзеңгілес жұмыстастары, ұрпақтары қатысты. Ғ.Өтеғұловқа арналған кітап көрмесі мен сурет көрмесі көрермен назарына ұсынылды.

Кеште сөз алған аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлы:

-Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Рухани жаңғыру» атты мақаласында елге елеулі еңбек еткен тұлғалардың маңыздылығын айтқан болатын. Сондай-ақ, Елбасымыз «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Ұлы даланың ұлы есімдері» тарауында ұрпақ жадында жаңа тарихи сана қалыптастыру үшін сол өңірге қызмет жасаған тұлғаларды ұлықтау, олардың есімін насихаттау туралы жазған еді. Бүгінгі ауданымыздың келбеті – ата-бабаларымыздың ерен еңбегі. Осы тұлғалардың өнегелі өмір жолын кейінгі ұрпаққа насихаттау – біздің басты міндетіміз, - деді.

Мұнан кейін сөз алған білім саласының ардагері Айтуған Шарфутдин, Ғаббас Хабиболлаұлының өмір жолынан сыр шертті.

Кеш соңында Ғаббас Хабиболлаұлының қызы Асылзада Ғаббасқызы келген жұртшылыққа алғысын айтып, әке есімін ұмытпай, дәріптеп жатқандығына ризашылығын білдірді.

 

Азиза Сүйінішқалиева,

Жаңақала ауданы

© zhaikpress.kz

janaqala (2) janaqala (3)

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале