Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында ұлт мақтанышы, қазақ поэзиясының падишасы Фариза Оңғарсынованы еске алуға арналған «Асыл бейне» атты поэзия мен ән кеші өтті.
Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, адуынды жырларымен халықтың жүрегін баураған ақын көзі тірі болғанда биыл 80 жасқа келер еді.
Сағынышқа толы тағылымды кеш аясында мектеп оқушылары мен өнерпаздар аяулы ақынның бір топ өлеңі мен ақынға арналған арнауларды нақышына келтіре оқып, сөзіне жазылған әндерді жүрекпен шырқады. Сондай-ақ, көрермендер ақынның өз даусында оқылған өлеңдерін тыңдап, рухани азық алды.
Алтынбек Ысқақ,
Жаңақала ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер