28.01.2019, 15:57
Оқылды: 10

Ақжайықта мектеп оқушылары арасында әскери-патриоттық сайыс өткізілді

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына байланысты Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында «Ұлан – Отан қорғаушы» атты әскери-патриоттық сайыс өтті.

 aqjaiyq

         Шараға Ауған соғысының ардагерлері Сансызбай Төлегенов пен Жанболат Құлмағамбетов, мекеме, бөлім өкілдері әділқазылық жасады.

         Жыл сайынғы дәстүрге айналған бұл сайыс әскер жасына дейінгі жастар арасында ең мықты, ең жылдам, ең күштілерді анықтау мақсатында ұйымдастырылып келеді. Бұл жолы қатысушылар саптық байқау, кермеге тартылу, автоматты толық емес бөлшектеу және жинау, басқа да сайыс түрлерінен сынға түсті.

         Айта кетерлігі, өткен жылмен салыстырғанда әскери-спорт түрі бойынша ұл-қыздар тыңғылықты даярлықпен келгендері көрініп тұрды. Сайыс қорытындысы Абай атындағы мектеп-гимназияның 11 сынып командасы жеңіс тұғырынан көрінді. ІІ орынды агротехколледж командасы иеленсе, ІІІ орынды аталған мектептің 10 сынып командасы иеленді.

Әли Асқар,

Ақжайық ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале