Бұл туралы қала әкімі Мұрат Рахметұлы Деркөл кентіндегі есептік кездесуде мәлімдеді. Орал қаласы бойынша 51 күндізгі мектеп, 50 мемлекеттік балабақша және 40 жекеменшік балабақша бар. Оның ішінде 3 мектеп, 1 мемлекеттік және 1 жекеменшік бала-бақша, 3 шағын орталық Деркөл кентінде орналасқан.
Былтыр мектеп Деркөлде 2 мектеп (600 орындық №48 және 49 мектеп) салынып, пайдалануға берілді. №49 мектебінде 902 оқушыға 75 мұғалім, №48 мектепте 543 шәкіртке және 59 мұғалім білім беруде. Қос мектепте оқушыларға арналған «Шабыт» жас көшбасшылар мектебі, спорттық үйірмелер, оқушыларға кәсіптік бағдар беретін бизнес-инкубатор кабинеттері жұмыс жасайды.
Екі мектептің жанынан 100 орындық шағын орталық жұмыс істеуде. Жаңа мектептің арқасында Деркөл кентінде 3 ауысыммен оқу тоқтады.
Тағы бір айта кетерлігі, №48 және 49 мектептерінде 250-ге жуық жұмыс орны ашылды.
Динара Насыр,
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер