Алғаш рет өткізілген шеберлік сағатын Бөрлі ауданының жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған «Психологиялық кеңес» кабинетінің психолог мамандары Б.Байқадамова мен Қ.Базарова ұйымдастырды.
Ауданның педагог-психологтарына арналған «Білім ошағындағы педагог-психологтардың жұмыс барысындағы эмоционалдық жануының алдын алу» атты шеберлік сағатының мақсаты мектеп және колледждегі педагог-психолог мамандардың жұмысын жетілдіру болды. 20-дан астам психолог түрлі тренингке қатысып, тығырықға тірелген сәтте шешім тауып, біліктілігін шыңдады.
Сәнім Меңдібай,
Бөрлі ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер