5.02.2019, 11:49
Оқылды: 5

Сырымдық боксшы халықаралық турнирде топ жарды

Шыңғырлау ауданында Социалистік Еңбек ері М.Ержановты еске алуға арналған бокстан жасөспірімдер және жастар арасында «Жарас» шаруа қожалығының жүлдесі үшін өткен халықаралық турнирде Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі бокс үйірмесінің оқушысы Ерасыл Бақтияров 40 келі салмақ дәрежесі бойынша чемпион атанды.

syrym taiman (3)

         Үш күнге созылған жарыста Ерасыл Ақтөбе облысы мен Шыңғырлау ауданының боксшыларымен жекпе-жек өткізіп, финалда бөрлілік қарсыласынан басым түсті. Қ.Мырзалиев атындағы мектепте білім алатын жас чемпион осыған дейін Ақжайық ауданында өткен турнирде жүлдегер атанған болатын.

         2016 жылдан бері жұмыс жасайтын аудандық спорт мектебінің жанындағы бокс үйірмесіне қазіргі таңда 30 бала барып жүр. Балғын боксшыларды бокстан спорт шебері Тайман Оразбаев жаттықтырады.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

 

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале