5.02.2019, 18:53
Оқылды: 50

«Бәрімізді есеңгіретіп тастады»

өрт

Астана іргесіндегі Көктал шағын ауданында болған өрт оқиғасы бәрімізді есеңгіретіп тастады. Марқұм болған қыздардың үлкені 13-те болса, ең кенжесі не бәрі үш айлық сәби екен. Балалардың ата-анасының қайғысына ортақпын. Қатты өкінішті. Орны толмас қайғы. Қалай қайғырғанымызды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Ешкімнің басына бермесін. Бірден бес бірдей перзентінен бір-ақ күнде айырылу әсіресе, ана үшін өте ауыр. Періштелердің ата-анасына Аллам сабыр берсін. Өзімде бала сүйген анамын. Қазіргі заманда баланы өсіру оңай емес.  Ата-ана баласына қолынан келгенше барын береді. Сондықтан әке мен шеше түзде көбірек жүруге мәжбүр. Мемлекет көп балалы аналарды қолдауын күшейтуі керек деп ойлаймын.

                                                                                    Гүлмира Батпақұлова,

«Арба» тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған

мүгедек-азаматтарды  қолдау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы

*өрттен көз жұмған Альбинаның салған суреті

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале