Ақжайық аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық кезекті қайырлы істі ұйымдастырды. Яғни, Чапаевтағы «Томирис» салонының шаштараздары Махат Сапарғалиев пен Ізбасар Мақсотов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы мүмкіндігі шектеулі жандардың – 10 қызмет алушының шаштарын тегін қиып берді.
–«Жанашырлыққа — жан риза» дегендей, айналасындағылардың көмегіне мұқтаж жандарға жанашырлық көрсеткенге не жетсін. Қолымыздан келген жақсылықтан ешқашан шектелмейміз. Барлық жастарды осыған шақырамын, -дейді М.Сапарғалиев.
Еркін Рай,
Ақжайық ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер