12.02.2019, 12:51
Оқылды: 24

Аудан тарихын жаңғыртқан сайыс

Бәйтерек ауданына қарасты Дариян ауылдық орталықтандырылған балалар модельді кітапханасының жанынан ашылған «Шабыт» коворкинг орталығының ұйымдастыруымен Бәйтерек ауданының 80 жылдық мерейтойына арналған «Менің туған өлкемнің тағдыры» тақырыбында сайыс өтті.

80 жыл 1

Байқауға Дариян мектебі мен Дариян мектеп-гимназия интернатының 9-сынып оқушылары қатысып, туған жерлері жөнінде біліктіліктерін ортаға салды.

         Сайыс «Туған жерден түлеп ұшқан перзенттер», «Ғимарат және ескерткіштер», «Танымал тұлғалар мен әдебиет», «Өлке әдебиеттеріне үңілейік», «Туған өлке шежіресі сыр шертеді», «Ауыл мен көше атаулары» секілді алты бөлім бойынша өтті.

         Әсіресе, танымал тұлғалар туралы қатысушылар жарыса жауап берсе, ғимараттар мен ескерткіштер жайындағы сұраққа жауап білмегенде «әттеген-ай» дедік.

         Дегенмен де сауалдарға тұшымды жауап берген Дариян мектеп-гимназия интернатының шәкірттері басым түсіп, І орынды иеленіп, жеңімпаз атанды.

80 жыл 2

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

 

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парашамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале