Шыңғырлау ауданы Қуағаш мектебінде киіз басу өнері дәріптелді. «Көнеден қалған көк киіз» атты шеберлік сағатына 14 оқушы, 5 ата-ана, 6 мұғалім қатысты.
Шеберлік сағатын балалармен мектептен тыс жұмыс орталығының қосымша білім беру педагогы, «Киіз басу» үйірмесінің жетекшісі Нұржамал Құлмағамбетова жүргізсе, киіз басуға 5 сыныптың қыздары жұмылды.
Алдымен киіз басу өнері туралы айтылып, кейін қатысушылар практикалық түрде жүзеге асырды.
Киіз басу сабау, шабақтау, булау, білектеу, қарпу секілді кезең-кезеңмен көрсетілді. Айта кетейік, киіз басуға оқушылар қызыға қатысты.
Гүлбадам Кеңесқызы,
тәуелсіз сарапшылар кеңесінің мүшесі,
Шыңғырлау ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парашамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер