Нұр-сұлтан қаласында өткен мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің «Рухани қазына - 2019» фестивалінде Бөрлі аудандық мәдениет үйі «Үздік аудандық мәдениет үйі» атанып, бас жүлдені жеңіп алды.
-Бас қаламыз Нұр-Сұлтанға келіп, өнердің қара шаңырағы «Қазақконценрт» залында өнер көрсету біз үшін үлкен мәртебе. Мұндай шаралар өнер адамдарына шығармашылық шабыт береді,- дейді Бөрлі аудандық мәдениет үйі директорының орынбасары Арна Мүбәрак.
«Рухани қазына» фестивалі биыл екінші мәрте ұйымдастырылды. Төрт күнге өткен шараға 18 аталым бойынша 200-ге жуық үміткер қатысқан.
Айым Нұрғалиева,
Бөрлі ауданы