9.06.2019, 8:40
Оқылды: 63

Бәйтеректе сайлаушыларға барлық жағдай жасалған

Бүгін қазақстандықтар ел Президентін сайлайды. Әр азамат өз таңдауын жасап, конституциялық құқығын жүзеге асырады.

Baiterek (1)

Бәйтерек ауданында жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7.00-де сайлау учаскелері ашылды.

Бәйтерек ауданы Калининское ауылында «Достық» мәдениет үйі ғимаратында орналасқан №157 сайлау учаскесі жұмысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаудан басталды.

№157 сайлау учаскесінің төрағасы Юрий Саяпин алғаш болып дауыс беруге келген сайлаушылар алдында сөз сөйлеп, сәттілік тіледі. Оның айтуынша, учаскеде барлығы тап-тұйнақтай. Саяси науқанға әзір. Сайлаушылар үшін ерекше жағдай жасалынған.

Baiterek (2)

Ал Бәйтерек аудандық мәдени-демалыс орталығында орналасқан №155 сайлау учаскесіне келіп дауыс берген ең жас сайлаушы Валентин Сажин естелік сыйлыққа ие болды. М.Өтемісов Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің І курс студенті В.Сажин сайлауда дауыс беруді өз өміріндегі тарихи оқиғаға балайды. Ол үшін де ел Президентін сайлау аса маңызды және жауапты.

Baiterek (3)

- Бәйтерек ауданы бойынша 1 аумақтық сайлау комиссиясы, 58 сайлау учаскесі жұмыс жасайды. Онда 328 мүше бар. Ауданда 39024 сайлаушы бар. 58 сайлау учаскесінің барлығы да телефон байланысымен қамтамасыз етілген. Ауданда 15 анықтама беру сервистері жұмыс жасап тұр, - дейді Бәйтерек ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Есбол Абдулов.

Айта кету керек, сайлау учаскелерінде дауыс беру кешкі 20.00-ге дейін жалғасады.

Ертай БИМҰХАНОВ

Бәйтерек ауданы

Суреттерді түсірген

Сәлім МӘМБЕТӘЛИЕВ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале