Бүгін БҚО ауылшаруашылық өнімдері тиелген керуен Нұр-Сұлтан қаласына жол тартты, деп хабарлайды БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.
Шілденің 6-7 күндері елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтпек. Жәрмеңкеге біздің облыстан 60 тонна ауыл шаруашылық өнімі жіберілді.
Бас қаланың тұрғындарына арналған жәрмеңкеге батысқазақстандық тауар өндірушілер 15 тонна сиыр, 5 тонна жылқы және 1 тонна қой етін, 10 тонна қалбырдағы өнімді, 8 тонна шұжық, 10 тонна ұн мен макарон өнімін, сондай-ақ 2 тонна өсімдік және 2 тонна сары май, 5 тонна балық, 1 тонна сусын мен 1 тонна кондитерлік өнімдерді ұсынады.
Өнімдер нарықтағы бағадан 15-20% төмен бағамен сатылмақ.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер