2.08.2019, 16:40
Оқылды: 51

«Әбілқайыр хан және Бопай ханым» оқырманға жол тартты  

Бүгін Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығында Бекет атаның ұрпағы, Қазақстанның Құрметті қажысы, Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі Ислам қажы Мырзабекұлының «Әбілқайыр хан және Бопай ханым» атты кітабының тұсауы кесілді.

kitap (1)

Жиында аталмыш орталықтың директоры Бауыржан Халиолла ашып, авторға ақжарма тілегін арнады. Ал тұсаукесер рәсімін М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев пен белгілі журналист, «Dana.kaz» журналының бас редакторы Қазбек Қабжанов өткізді.

Тарихи деректер жинастырылған аталмыш кітапта Кіші жүздің ұлы ханы, ХVIII ғасырдағы қазақ сардарларының Бас қолбасшысы, сұңғыла саясаткер, мәмілегер Әбілқайыр хан мен оның жұбайы, ұлттың ұлы аналарының бірі Бопай ханымның тұлғалық қасиеттері жан-жақты зерделенген. Бұл еңбек қос тұлғаның дүниеге келгендеріне 325 жылдығына арналған тамаша тарту болмақ.

kitap (2)

-Біздің тарихымызда ерлермен бірге ұлы әйелдер де болған. Солардың тарихи тұлғасын ұрпаққа танытуымыз керек Әбілқайырдың жұбайы  Бопай ханым туралы деректер өте аз. Орыс тарихи жазба деректерінде көп жазылғанына қарамастан қазақ арасында танымал болмады. Біз соның орнын толтыру мақсатында, ұлттың ұлы аналарының бірі, аса көрнекті тарихи тұлға, әйгілі қоғам қайраткері, Бопай (Бәтима) апамыздың басына зиярат етіп, өткен кеткен тарихымызды түгендеу мақсатында Ресейдің Орынбор облысы, Елек ауданы, Дмитриевка селосынан 30 шм жердегі әскери-айлаққа арнайы сапар шектік. Болашақта бейіті елімізге әкелінетін болады», - деді Ислам қажы Мырзабекұлы.

                                                                                Гүлсезім БИЯШЕВА

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале