21.08.2019, 15:52
Оқылды: 138

Заңсыз шаян тасымалдамақ болған батысқазақстандық азамат ұсталды

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Самара-Шымкент жолының 271 шақырымында «ВАЗ-2121» маркілі автокөлігін тоқтатқан.

раки

Көлікті тексеру кезінде 1967 жылғы азамат тиісті құжаттары жоқ үш қапқа салынған шаян табылған.

Аталған факті бойынша Теректі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері ҚК-нің 335-бабы 1-бөліміне сәйкес (балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу) сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Мұндай жағдайда күдікті белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айырылады. Қылмыскерге 160 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 160 сағаттық түзету жұмысына тартылады. Сондай-ақ 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынуы да мүмкін.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале