Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Полиция қызметкерлері 21 тамыз түнде «ВАЗ - 2109» маркілі автокөлігін айдап кеткен 2002 жылғы азаматты қолға түсірген. Ұсталған азаматтан қылмысқа қатысы барын дәлелдейтін айғақ заттар (кілт жиынтығы, медициналық көмек кітабы, дөңгелектер) тәркіленді.
Көлік Орал қаласының 27 жастағы тұрғынына тиесілі. Ауласында тұрған көлікте 150 тың теңге ақша болған.
Жедел-іздестіру шарасы кезінде қылмыстың ізін жасыру үшін ұрының көлікті бөлшектеп, өртеп жібергені анықталды. Көлік облыс орталығынадағы Хан тоғайы ауданынан өртеніп кеткен күйінде табылды.
Аталған факті бойынша Абай полиция бөлімімен ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі (қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Аталған қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізілуде.
zhaikpress.kz