Бұл туралы Орал қаласы əкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
"«Батыс Су Арнасы» ЖШС-нің қызметкерлерінің күшімен түні бойы құбырдың істен шыққан бөлігін жөндеу жұмыстары атқарылды. Сағат 10:00 шамасында су беріле бастайды. Құбырлардағы судың қысымы біртіндеп өсіп, кешке дейін толығымен реттеледі.
Осы жұмыстар аяқталған соң, қосымша кәріз желісін жөндеу жұмыстары басталады. Аталған жұмыстар шамамен 2 күнге созылмақ. Жөндеу жұмыстары барысында су беру тоқтатылмайды", - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
zhaikpress.kz