27.04.2016, 15:01
Оқылды: 40

Адамдар қателігі әкелген апат

Shingirlau adamdar kateligi      Шыңғырлау ауданы орталығында  «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында осыдан 30 жыл бұрын сол кездегі бүкіл КСРО-ға, Еуропа елдері мен әлемнің басқа да мемлекеттеріне қауіп пен алаң туғызған, 160 мың шақырымға жайылып, 17 млн. халықтың азапты ажалына, 9 млн. халықтың зардап шегуіне себепкер болған Чернобыль апатына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.


      Бүгінгі жас ұрпаққа және жалпы бұқараға мұндай қателік пен апаттан сақ болуды тағлым еткен шараға аудан әкімі А.Халелов, әкімдік аппараты мен мекеме басшылары, жастар өкілдері, аудан тұрғындары қатысты. Ауданымыздан апатты ауыздықтауға 14 адам қатысқан болатын.

     Бүгінгі шараға солардың 9 –ы қатысып, құтқару кезіндегі қиындықтар, шұғыл орындалған шаралар туралы естеліктерінен баяндап берді. Шарада апаттың ауыр зардаптары, оның халыққа, әлем кеңістігіне келтірген ауқымды зияны жөнінде толғанысты ойлар ортаға салынып, апатты жоюға қатысқандарға, сондай-ақ, еліміздегі бір кездегі ядролық қару сынағының алаңына айналған өңірлерде болған, көшіп келген тұрғындарға  бүгінгі жасалып отырған жағдай, көрсетіліп жатырған көмек пен қолдау, медициналық жәрдем мәселелері де сөз болды.

www.zhaikpress.kz

Ерсін Мерханов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале