4.08.2016, 9:55
Оқылды: 54

«Болашақ» түлегі Орал қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

кім орынбасарыОрал қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Алтынбек Кеңесұлы Қайсағалиев тағайындалды.


Қала әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, Алтынбек Қайсағалиев кәсіпкерлік, өнеркәсіп, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, қаланы абаттандыру мәселелерімен айналысатын болады.

Алтынбек Қайсағалиев бұған дейін Алматы қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды. Өнеркәсіп, индустриалды-инновациялық даму және инвестиция тарту мәселелерімен шұғылданды.

А.Қайсағалиев 2013-2015 жылдары Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымында еңбек етті. Сондай-ақ, ол одан бұрын «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының хатшылық меңгерушісі қызметінде болды. 2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыстар бөлімінің кеңесшісі, кейін инспекторы қызметін атқарды. 2011-2012 жылдары «Астана Инновейшенс»  АҚ-ның «Смарт Астана» атты жобалау тобының сарапшысы, 2007-2009 жылдары Еуразия ғылыми-зерттеу сараптама институтының инженер-конструкторы. Еңбек жолын «Астана Сәулет Жобалау институты» ЖШС-нің техник-конструкторы болып бастаған.

Алтынбек Қайсағалиев Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің сәулет-құрылыс факультетін тәмамдаған. «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, Бат университетінің (Ұлыбритания) инновация және технология менеджменті саласы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі.

 Елжан Ералы
www.zhaikpress.kz  

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале