3.08.2015, 17:25
Оқылды: 27

Бүкіл бағымыздың кепілі

 

Akjayik bykil bagimizdin kepili  Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта Теректі, Тасқала, Зеленов аудандары өкілдерінің қатысуымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бес институтционалды реформаны іске асыруға арналған «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын насихаттау мақсатын көздеген облыстық ақпараттық топ мүшелерімен кездесу өтті.

Кездесуді аудан әкімі Әділ Жоламанов кіріспе сөзбен ашты. Ол ІV  институттық реформа – «Біртектілік және бірлікке» арналған осы басқосу да бүкіл тірлік-тынысымызға серпіліс беретініне сөзсіз сенетінін баяндап өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Батыс Қазақстан облыстық хатшылығының басшысы Ғайса Қапақов сөз сөйледі.

– Елбасы Н.Ә.Назарбаев «100 нақты қадамда»,-деді ол,- біртектілік пен бірлік бағыты бойынша да көкейкесті қадамдарды атады. Онда «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін әзірлеуге тоқталды. Мұның өзі әлемдік алып елдердің қатарына Қазақстанды қосу үшін – Ұлт Жоспарын тиянақты зерделей отырып, жүзеге асыруды белгілейді. Мемлекет басшысы атап өткендей, іргелі, «тұтқалы» жалпы азаматтық құндылықтар Мәңгілік Ел құндылықтары болып табылады. Бұл барша заң алдындағы теңдігі, еңбексүйгіштік, әділдік, ғалымдық пен білімділік мәдениеті, мемлекеттің зайырлығын көрсетеді. Жаңа азаматтық біртектіліктің іргетасы «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев моделінің» тарихи жетістіктерін шоғырландыру болмақ,- деді Ғайса Хамидоллаұлы

www.zhaikpress.kz

Тілес ЖАЗЫҚБАЙ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале