22.10.2015, 12:00
Оқылды: 23

«Жайық таңына» – «Бақыт гүлі», раушан...

гулдерАқжайық ауданының ең шалғай жатқан Сарытоғай ауылдық округіндегі орта мектептен «Жайық таңы» газетіне құмыраға отырғызылған бірнеше «Бақыт гүлі», раушан, «Ақша гүл» және кактус жеткізілді. Мұндай сыйды күтпеген журналистер ғимаратқа әсемдік көші келгендей көңіл-хошқа бөленді.

Сарытоғай орта мектебіндегі қолөнер үйірмесінің жетекшісі Бақытжан Тұрайысовтың 3 жылдан бері шәкірттерін гүлпаздыққа баулып жүргені ауданның біраз жеріне мәлім. Өйткені олар мәпелеп өсірген гүлдерін мекемелерге, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдар, дәрігерлік амбулаториялар бар, сыйлап отыруды дағдыға айналдырған. Бүгінге дейін бірнеше ауылдағы ғимараттарда, Сарытоғайдың өзіндегі мұғалімдердің, еңбек ардагерлерінің үйлерінде, аудан орталығындағы балалар шығармашылық орталығында олардың гүлпаздығын әйгілейтін сұлу өсімдіктер жайқалып тұр. Енді «Жайық таңында» да Сарытоғайдың сәлемі бөлмелердің сәнін үстейтін болады.

Бақытжанның оқушылары мектеп ауласына сирень талдарын да өсіріп келеді. Яғни, оның жұпар исі де көгілдір көктем келген сайын жан баласының көңіл-күйін қанаттандырады.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале