15.09.2016, 11:21
Оқылды: 35

Жәнібектік «жасотандықтар» көмегі

img_7398«Нұр Отан» партиясы БҚО Жәнібек аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудандағы «Жас Отан» жастар қанатының бір топ белсенді мүшелері І топ мүгедегі Мүслима Нығметованың үйіне арнайы барып, ішкі-сыртқы жұмыстарына қолғабыс жасады.


Жәнібек ауылының тұрғыны Мүслима Нығметова бүгінде жалғыз өзі тұрып жатыр. Сексеннің сеңгеріне шыққан кейуананың төрт баласы Ресей Федерациясына қоныс тепкен. Соғыс ардагері, бір аяғынан соғыста айырылған І топ мүгедегі болған жұбайының дүниеден озғанына біраз жыл болған. Жолдасы қайтыс болғаннан кейін Мүслима әже күні бүгінге жалғыз тұрып келеді.

Мүслима Нығметова жастайынан еңбекке араласып, тұрмыстың ауыр тауқыметін тартқан. Кеңес үкіметі кезінде совхоздардағы науқандық жұмыстардың барлығының басы-қасында жүрген. Зейнет жасына шыққанша еден жуушы болып қызмет атқарды.

Бүгінде қамқорлықсыз, жалғыз қалған жандар жомарт кісілердің көмегіне зәру. Ауласын тазалап, күл-қоқыс, тұрмыстық қалдықтардан арылтып, қисайып тұрған шарбағын түзеп берген «жасотандық» жастардың көмегіне ақ жаулықты әже разы болып, оларға ақ батасын берді.

«Көмек қолын созған жастарға алғысым шексіз. Бұл мен үшін өте маңызды. Білім мен өнерге жақын болып, бастарыңа бақ қонсын», - деді Мүслима әже.

Назгүл Қожанбаева,

«Нұр Отан» партиясы

БҚО филиалының баспасөз хатшысы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале