21.07.2016, 15:39
Оқылды: 36

«Олимпиада қатысушыларына қолдау көрсету»

жарыс20 шілде күні Орал қаласындағы теннис орталығында Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 25  жылдығына арналған «Олимпиада қатысушыларына қолдау көрсету» ұранымен  этномәдени бірлестіктер ұжымдары арасында облыстық жарыс басталды.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің  орынбасары  Марат Тоғжанов, БҚО  Қазақстан халқы Ассамблеясы  төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов сөз сөйлеп,  қатысушыларға сәттілік тіледі.

жарыс2Жарысқа қатысушы 300 спортшы шағын футбол, волейбол,  дойбы сынды спорт түрлерінен өзара сайысқа түсуде.

Спорттық шараға «Еділ-Жайық қазақтары қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі, «Татар мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Масис» армян бірлестігі, «Кәріс этномәдени бірлестігі», әзірбайжан  «Бірлік» мәдени-ағартушылық қоғамы,  «Еднанния» украин этномәдени бірлестігі, «Грамада» этномәдени бірлестігі және 7 аудан командалары қатысуда.

Облыстық жарыс 22 шілде күні мәресіне жетеді.

www.zhaikpress.kz

Суреттерді түсірген: Рафхат Халелов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале