11.10.2016, 17:06
Оқылды: 20

Оқырмандармен ой бөліскен бас қосу

%d0%be%d2%9b%d1%8b%d1%80%d0%bc%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d0%b0%d1%80%d0%bc%d0%b5%d0%bd-%d0%be%d0%b9-%d0%b1%d3%a9%d0%bb%d1%96%d1%81%d0%ba%d0%b5%d0%bd-%d0%b1%d0%b0%d1%81-%d2%9b%d0%be%d1%81%d1%83  Облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторының орынбасары Сырымбек Тұяқов ауданымыздың Жалпақтал, Жаңажол ауылдық округтеріндегі басылым оқырмандарымен кездесті.


Оқырмандармен емін-жарқын жүздесуде облыстық қоғамдық-саяси басылымның қазіргі жай-күйі, ұстанып отырған бағыт-бағдары және соңғы кездері газет беттерінде жарық көрген көкейтесті тақырыптардағы мақала-материалдары әңгіме арқауына айналды. Сонымен қатар келер жылы 100 жылдығын тойлағалы отырған облыстық басылымның Елбасы бастамасымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларды қалық бұқараға жеткізудегі, түсіндірудегі, қалың бұқараны адал еңбекке жұмылдыру, халықтың денсаулығын нығайту бағытындағы шаралар мен жат діни ағымдардан ел-жұртты сақтандырудағы ақпараттық-насихаттық жұмыстардың жайы баяндалды.

Оқырмандармен пікір алмасу барысында басылымның мазмұн-сапасын жақсарту бағытындағы ой-пікірлер айтылды. Әсіресе, облыстық «Орал өңірі» газеттің арзан сенсация қумайтыны, басты бағыты мемлекеттік саясатты дер кезінде жеткізуге, елдің көкейінде жүрген түйінді түйткілдерді тарқатуға, ауыл-аймақтың дамуындағы жылт еткен жаңалық-жақсылықты көрсетуге ұмтылатыны патша көңіл оқырмандардың назарында екен. Ауыл тұрғындарының айтуынша, соңғы кездері діни бағыттағы, жасөспірімдерді салауатты өмір салтына, денсаулықтарын күтуге үндейтін бірқатар мақала санаға салмақты ой салады. Сонымен қатар ауыл тұрғындары облыстық газетте тәртіп пен тәрбие, еңбек адамдары туралы көбірек жазылса екен деген ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале