30.10.2016, 16:13
Оқылды: 43

Халықаралық турнир өз мәресіне жетті

img-20161030-wa0022Бүгін Орал қаласында халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО чемпионы, əлем чемпионы және əлем кубогының иегері Асқар Шайхиевті еске алуға арналған 23 жасқа дейінгілер арасындағы самбо және әскери самбодан халықаралық турнир өз мәресіне жетті.


 

Жарыс қорытындысы бойынша, самбодан Бақыт Ерасыл (48 келі, БҚО), Армат Қабдолов (52 келі, БҚО), Үміталиев Тоқтар (57 келі, БҚО), Жусувалиев Амир (62 келі, Ресей), Неғмет Серікбай (68 келі, БҚО), Габриелян Роберт (74 келі, Армения), Айдарбек Тоқтарбек (85 келі, ОҚО), Хамзин Ерназар (90 келі, БҚО), Сүлейменов Олжас (100 келі, БҚО), Темірлан Көлбай (+100 келі, БҚО) жеңіс тұғырынан көрінді.

Ал әскери самбодан 62 келі салмақта жерлесіміз Қажиақпаров Шыңғыс бірінші болса, 74 келіде атыраулық палуан Батыршиев Қанағат алтыннан алқа тағынды.
Жалпы есеп бойынша, батысқазақстандық палуандар самбодан 7 алтын, 4 күміс және 3 қола жүлдеге ие болды. Әскери самбодан қоржынымызда 1 алтын, 1 күміс және 4 қола барын айта кеткен жөн.

Жеңімпаздар 50 000, күміс жүлде иегерлері 30 000 және қола жүлдеге ие болғандар 15 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы алып, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломымен, медальдарымен марапатталды.
Естеріңізге сала кетейік, жарысқа Армения, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан елдерімен қатар Алматы қаласы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарының палуандары қатысқан болатын.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале