15.05.2015, 11:51
Оқылды: 20

Іріктеу кезеңінен іркілмеді

Akjayik irikteu kezennen irkilmediАқжайық ауданының орталығы – Чапаевта «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының іріктеу кезеңі өтті. «Мерей» мәдени демалыс орталығында өткен қалың көрермен қауымды және байқауға қатысушыларды аудан әкімі Нариман Төреғалиев құттықтады.

Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен байтақ елімізде былтырдан өте бастаған бұл айтулы шараның отбасы құндылығын қалыптастырудағы аса ерекше маңызын, өткен жылы жүзден озғандардың қатарында біздің ауданнан будариндік Сәндібековтер жанұясының болып, жеңімпаздар қатарында Астана төрінен көрінгені айрықша мерейіміз екенін айтты.

Іріктеу кезеңіне Көнеккеткеннен Мерғалиевтар, Чапаевтан Сарқұловтар, Есеналиевтер, Алғабастан Аяпқалиевтар, Жаңабұлақтан Хибатовтар және  Қарауылтөбеден Айтмағамбетовтар  қатысты. Олар көпшілікке өздерін таныстыру, өнер көрсету, сұраққа жауап және жанұялық көрме яғни, төрт кезеңнен тұратын шартта сынға түсті.

www.zhaikpress.kz

Тілектес САҒЫН

Суретті түсірген Нұрбек ИХСАН

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале