27.04.2016, 10:41
Оқылды: 25

Құлпытастарды зерттеу жұмыстары биыл да жалғасын таппақ

Screenshot_2016-04-27-10-36-24-1Бүгін "Жайық Пресс" ЖШС-нің мəжіліс залында Батыс Қазақстан облысы аумағындағы араб әліпбиімен жазылған XVIII-ХХ ғасыр аралығындағы құлпытастарды қорғау, кешенді зерттеу мәселесіне арналған жиын өтуде. Тарихты зерделеуге арналған тағылымды жиынның биыл екінші мəрте өтіп жатқандығын айта кетейік.


 

Screenshot_2016-04-27-10-36-31-1Жиынға облыстың барлық аудандарынан келген жұмыс топтарының өкілдері, тарихшылар мен зерттеушілер қатысуда. Жиынға қатысушыларға қош келдіңіз айтқан «Dana.kaz» тарихи-танымдық журналының редакторы, құлпытастардағы араб тіліндегі жазбаларды кириллицаға аударушы, "Жайық Пресс" ЖШС жанындағы баспасөзді зерттеу орталығының басшысы Қазыбек Құттымұратұлы бұл мəселе былтырдан бастап «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалының «Мирас» қоғамдық кеңесінің бастамасымен жүзеге асырыла бастағанын атап өтті.

Screenshot_2016-04-27-10-36-40-1Батыс Қазақстан облысының барлық ауданында көне қорымдар мен құлпытастарды зерттеу бойынша құрылған жұмыс топтарының көмегімен бір жылдың ішінде бірқатар шаруа атқарылды. Бүгінгі жиында ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстар жүйеленіп, жоспарланып, іс-тəжірибелер ортаға салынуда.

Облыс аумағындағы араб жазулы құлпытастардың саны мен сапасын түгел анықтап, қаттап, мәтінін аударып, ғылыми айналымға енгізу, жинақтарға жəне ғаламторға жариялау мақсатын көздеген шаралар жер кеуіп, күн жылына əрі қарай жалғасын таппақ.

www.zhaikpress.kz

Айгүл Ахметова

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале