24.07.2026, 17:30
Оқылды: 5

30 бен 76 жас аралығындағы қазақстандықтар тегін тексеруден өте алады: нақты қандай?

30 бен 76 жас аралығындағы қазақстандықтар қатерлі ісік, диабет, жүрек аурулары және басқа да қауіпті дерттерді белгілері байқалмай тұрып анықтауға көмектесетін тексеруден тегін өте алады - деп жазды Tengri Health.

Close-up of mature woman undergoing eye examination with slit lamp for vision checkup at ophthalmology clinic

Сурет: istockphoto.com

Сізге қандай тексеруден өтуге болатынын тексеріңіз

Әйелдерге:

  • 30 бен 74 жас аралығында (төрт жыл сайын) - жатыр мойны обырын ерте анықтау скринингі;
  • 40 пен 76 жас аралығында (екі жыл сайын) - сүт безі обырын ерте анықтау скринингі.

Ерлерге:

  •  50 мен 76 жас аралығында (екі жыл сайын) - ми қайнайналымының бұзылуын ерте анықтау скринингі.

Барлығына:

  • 40 пен 76 жас аралығында (екі жыл сайын) - артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы және мінез-құлықтық қауіп факторларын ерте анықтау скринингі;
  • 50 мен 76 жас аралығында (екі жыл сайын) - колоректальды қатерлі ісікті ерте анықтау скринингі;

Жасына қарай тексеруден өту үшін тіркелген жері бойынша емханаға, учаскелік дәрігерге хабарласу қажет.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале