25.05.2018, 17:25
Оқылды: 64

Оралда 12 млн-ға жуық қаржыны жымқырған бухгалтер сотталды

Орал қалалық соты ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 28-бабы 4-бөлігі - 420-бабы 2-бөлігіне сәйкес айыпталған Элеонора Пакқа қатысты іске нүкте қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш соттан түскен мәліметке қарағанда, ол 2013 жылдың қазанынан 2016 жылдың қазанына дейін «КазТехноГаз» ЖШС бухгалтері болып жұмыс жасай жүріп, 11 765 801 теңгені заңсыз иеленіп, жұмсаған.

Сонымен қатар осы қылмыстық іске қатысты тергеу жүргізіліп жатқан кезде, өткен жылдың жазында Э.Пак Т.Төлеуғалиеваны көрінеу жалған айғақтар беруге итермелеген. Соның салдарынан Т.Төлеуғалиева Зашаған полиция бөлімінде бастапқы тергеу амалдары жүргізілгенде, жалған айғақтар берген.

Сот үкімімен Э.Пак ҚР ҚК 28-бабы 4-бөлігі - 420-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыс құрамы болмағандықтан, ақталды. Ал 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес айыпты деп танылып, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда материалдық жауапты лауазымды қызметтер құқығынан 10 жыл мерзімге айырумен бірге оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 4-бабы 1-бөлігі 2-тармағы негізінде өтелмеген жаза мерзімі тең жартысына, 3 жыл 6 айға қысқартылды.

Сонымен қатар ҚР ҚК 74-бабы 1-бөлігі қолданыла отырылып, жазаны өтеу бес жылға дейін кейінге қалдырылды (Э.Пактың ұлы 15-те, қызы 9-да және өзінің аяғы ауыр). Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале