Қазақстан Республикасы Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттардың сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру туралы

«Жайық Пресс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес алдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауына қатысатын кандидаттардың сайлауалды үгіт материалдарын ақылы негізде орналастыруға дайын екендігін хабарлайды.
Сайлауалды үгіт материалдары «Жайық Пресс» ЖШС құрамындағы бұқаралық ақпарат құралдарында қолданыстағы заңнама талаптарын сақтай отырып орналастырылады.
Үгіт материалдарын орналастыру кезінде барлық кандидаттарға тең жағдайлар мен тең мүмкіндіктер қамтамасыз етіледі. Кандидаттарға немесе олар ұсынған материалдарға қандай да бір артықшылық беруге немесе шектеу қоюға жол берілмейді.
Үгіт материалдары төмендегі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады:
- Облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газеті;
- Облыстық «Приуралье» қоғамдық-саяси газеті;
- «Жайық Пресс» ЖШС меншігіндегі аудандық қоғамдық-саяси газеттер;
- «Жайық Пресс» ақпараттық агенттігінің интернет-ресурстары және әлеуметтік желідегі ресми парақшалары (қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес).
Материалдарды орналастыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Сайлауалды үгіт материалдарын орналастырудың бағалары (тарифтері) осы хабарламаға қоса берілетін прейскурантпен айқындалады және барлық кандидаттар үшін бірдей қолданылады.
Бағалары
| № | Газеттер атауы | Көлемі, см² | Орналастыру құны ҚҚС қоса есептегенде, тенге |
| 1 | Облыстық “Орал өңірі” қоғамдық-саяси газеті | 1 | 352 |
| 2 | Облыстық “Приуралье” қоғамдық-саяси газеті | 1 | 352 |
| 3 | 12 аудандық қоғамдық-саяси газет (“Теректі жағалығы”, “Бөрлі жаршысы”, “Серпін”, “Сырым елі”, “Қаратөбе өңірі”, “Екпін”, “Ауыл тынысы”, “Жайық таңы”, “Жаңарған өңір”, “Ауыл айнасы”, “Ғұмар елі”, “Орда жұлдызы”) | 1 | 220 |
| № | Сайт атауы | Көлемі, символ | Орналастыру құны ҚҚС қоса есептегенде, тенге |
| 1 | “Жайық Пресс” ақпарат агенттігі https://zhaikpress.kz | 1 | 50 |
| 2 | “Жайық Пресс” ақпарат агенттігінің әлеуметтік желідегі парақшалары (Instagram, Facebook, TikTok) және аудандық газеттердің әлеуметтік желідегі парақшалары | 1 пост | 15 000 |
| Баннерлер | |||
| 1 | №1 баннер (жылжымалы, 1280х300 px) | 1 | 30 000 |
| 2 | №2 баннер (940х300 px) | 1 | 25 000 |
| 3 | №3 баннер (240х400 px) | 1 | 20 000 |
| 4 | №4 баннер (200х300 px) | 1 | 15 000 |
| 5 | №5 баннер (200х200 px) | 1 | 12 000 |
Материалдарды қабылдау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы белгілеген сайлауалды үгіт жүргізу мерзімі ішінде жүзеге асырылады.
Қосымша ақпарат алу, шарт жасасу және материалдарды орналастыру мәселелері бойынша:
«Жайық Пресс» ЖШС
Мекенжайы: Мұхит көшесі 57/1
Телефон: +7 771 132 1026, 51-51-09
E-mail: zhaikpress-reklama@mail.ru
Веб-сайт: https://zhaikpress.kz
Жұмыс уақыты: 09:00-18:00
Осы хабарлама Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес барлық кандидаттар үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында жарияланады.