14.10.2022, 20:52
Оқылды: 235

Ақпараттық хабарлама

«Жайық Пресс» ЖШС – облыстық «Орал өңірі», «Приуралье» газеттерінің (бұдан әрі – Газет), аудандық «Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести», «Ауыл айнасы», «Жайық таңы», «Серпін», «Екпін», «Шұғыла», «Теректі жаңалығы – Теректинская новь», «Қаратөбе өңірі», «Жаңарған өңір», «Орда жұлдызы», «Сырым елі», «Ауыл тынысы» (бұдан әрі – Газет), сондай-ақ «zhaikpress.kz» сайтының (бұдан әрі – Сайт) меншік иесі 2022 жылдың 20 қарашасында өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысу үшін ұсынылған үміткерлерге сайлауалды үгіт-насихат материалдарын баспасөз және интернет бетінде орналастыру шарттарын ұсынады.

Газетке және Сайтқа жарияланым орнын ұсынудың жалпы тәртібі мен ережесі

Газет пен Сайтқа жарияланым орнын ұсыну жазбаша өтініш берілген сәттегі Газеттің/Сайттың бекітілген прайс-парақшасы негізінде жүзеге асырылады.

Газет пен Сайтқа жарияланым орнын ұсыну Қазақстан Республикасы Президентіне үміткерге баспалық үгіт-насихат материалдарын орналастыру жөнінде Газеттің/Сайттың меншік иесімен арада жасалған жазбаша келісімшарт негізінде жүзеге асырылады.

Келісімшарт нұсқасы мен оған қосымша құжаттар, төменде көрсетілгендей, жазбаша өтініш жазылған жағдайда ұсынылады. Үміткердің/сенімді өкілдің Газетке/Сайтқа жарияланым орнын ұсыну жөніндегі келісімшартқа қол қоюы үміткердің/сенімді өкілдің сайлауалды үгіт-насихат жүргізумен байланысты Газет/Сайт қызметін қабылдауға келіскені болып табылады.

Мұндай келісімшартты жасау үшін үміткер/сенімді өкіл Газет пен Сайттың меншік иесіне төмендегі ақ­параттары бар жазбаша өтініш жасауы керек:

– жазбаша өтініштің тіркеу нөмірі, мерзімі және уақыты;
– жазбаша өтініш беруші үміткердің/сенімді өкілдің аты-жөні, тегі;
– жазбаша өтініш беруге құзыреттілігін дәлелдейтін құжат;
– үміткердің/сенімді өкілдің құзыретті мемле­кеттік құрылымдар тарапынан берілген жеке куәлігі, ҚР заңнамаларына сәйкес басқа да құжаттар;
– жарияланым орнының көлемі және ұсыну уақыты көрсетілген жазбаша өтініштің, үгіт-наси­хаттық баспа материалының мәтіні;
– үміткердің немесе сенімді өкілдің қолы.

Жазбаша өтінішке онда сілтеме жасалған құжаттардың көшірмесі қоса беріледі.

Жарияланымда оның ақысы төленгендігі, материалдың шығуына жауапты тұлғалар, қаржыландыру көздері туралы мәліметтер және ақпаратты ұсынушы тұлғаның тегі болуы тиіс.

Баспа материалдарының орналасу кезегін Газет­ке жазбаша өтініштердің түсу ретіне орай бекітеді. Бірнеше үміткерден/сенімді өкілден жаз­баша өтініш бір мезгілде түскен жағдайда Газет сол күні жеребе өткізеді. Жеребеге баспа материалдарын орналастыру кезегін талап етуші үміткерлер немесе үміткерлердің мүддесін қорғайтын сенімді өкілдер және жеребенің тәуелсіз сарапшысы ретінде БАҚ өкілі қатысады. Әрбір үміткерге/сенімді өкілге баспа материалын орналастырудың мерзімі салынған жабық конверттің біреуін таңдау ұсынылады. Конверт саны жеребеге түсуші жақтардың санымен тең болады. Жеребе аяқталған соң жеребеге қатысушы жақтардың өкілдері мен БАҚ өкілі жеребенің хаттамасына қол қояды. Жеребе нәтижесі (хаттама көшірмесі) тиісті сайлау комиссиясына жіберіледі.

Үгіт-насихаттық материалдарының берілу тәртібі

Үгіт-насихаттық баспа/интернет материалдары Газетке/Сайтқа ҚР «Сайлау туралы» заңының 28-бабы 3-тармағында қарастырылғандай көлемде, дайын күйінде, жарияланым орнын ұсыну жөнінде Газеттің және Сайттың меншік иесімен келісімшартқа қол қоятындай құзыреті бар тұлғаның қолы қойылған күйінде ұсынылады.

Үгіт-насихаттық баспа/интернет материалдары Газетке және Сайтқа оның Газетке/Сайтқа жарияланатын уақытынан, 3 (үш) жұмыс күнінен бұрын ұсынылады.

Егер мәтінінде конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттік қауіпсіздікті шайқалтуға, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, рулық және тайпалық алауыздыққа, қатыгездік пен күш қолдануға, сондай-ақ заңда қарастырылмаған әскерилендірілген құрылымдар құруға шақырған идеялар көрініс тапса және заңда көзделген басқа да негіздерге орай Газет/Сайт үгіт-насихаттық баспа материалдарын қабылдаудан бас тартуға құқылы.

Газет/Сайт ұсынатын баспа/интернет орнының көлемі мен ақы төлеу тәртібі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 қарашадағы кезектен тыс сайлауына қатысушы үміткерлерге жарияланым орнын ұсынғаны үшін төленетін ақы мөлшері Газет/ Сайт бекіткен прайс-парақша негізінде:

• Облыстық «Орал өңірі», «Приуралье» газеттеріне – 1 шаршы см – 320 теңге;

• 12 аудандық газетке – 1 шаршы см – 200 теңге;

• «zhaikpress.kz» сайтына – 1 шығарылым (А4 – 1 бет) – 30 000 теңге;

Жарияланым орнын ұсынғаны үшін төлемақы тиісті сайлау қорының есебінен толық көлемде алдын ала аударылуы тиіс.

Алдын ала төлеу Газет/Сайт ұсынған есепшот негізінде осы есепшот берілгеннен кейінгі 3 (үш) операциялық күн ішінде жүргізілуі тиіс.

Төлеу Газетке/Сайтқа жарияланым орнын ұсыну туралы келісімшартта көрсетілген банк реквизиттеріне сәйкес немесе ұсынған есепшот негізінде жасалады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале